23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазгидромет 19 қазанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Түнде және таңертен таулы аудандарында тұман түседі.
Қарағанды облысының шығысында тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ: 19 қазанда күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Алматы қ аласында19 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстік жартысында екпіні 23 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 25 м/с жетуі болжанады.
19 қазанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында тұман түседі
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Күндіз 19 қазанда Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Астана қаласында да тұман түседі.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік