Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан халқы Ассамблеясы, Мәдениет және ақпарат министрлігімен, Астана қаласының Триатлон федерациясы, Туризм және спорт министрлігі және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп «Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафонын ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» қағидасы бойынша ұлттық құндылықтарды, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Жартылай марафон Қазақстан халқының бірлік күніне орай ұйысдастырылды.
Спорттық жарысқа Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, мемлекеттік органдардың, республикалық және астаналық этномәдени бірлестіктер, жастар және волонтерлік ұйымдары, спорт федерациялары, жүгіру клубтарының өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.
«Бірлік жүгірісі» бір мезгілде еліміздің 15 өңірінде басталып, салауатты өмір салтын қолдайтын 10 мыңға жуық спортшыны жинады. Жарыста қатысушылар жартылай марафондық 21, 10 және 5 км қашықтықты еңсерсе, ең жас спортшылар 1 км қашықтыққа жарысты. Мәреге жеткендердің барлығы естелік медальға ие болды. Жеңімпаздар жас санаттары бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жарыс аясында барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіліп, кәсіби төрешілер төрешілік етті. «Бірлік жүгірісі» жарысы еліміздің барлық өңірлерін қамти отырып, жыл сайын өткізілетін болады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары