1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанада 14-15 сәуірде Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерттік залында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Ниязова, мәдениет және ақпарат вице-министрі Е.Кочетов, сондай-ақ, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еліміздің барлық жерінен келген шығармашылық топтар, ҚХА жастар қанатының белсенділері және т.б. қонақтар қатарынан 800-ге жуық адам қатысқан.
Екі күндік бағдарлама аясында көптеген тағылымды іс-шаралар өтті. Қатысушылар халықтық вокал, хореография және қазақ аспаптары бойынша шеберлік сыныптарына қатысты. Мәдениет қайраткерлерімен дәрістер, концерттер және шығармашылық кездесулер, фольклорды дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел, өңірлерден келген қатысушылар үшін экскурсиялар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған.
Фестиваль салтанатты гала-концертпен аяқталып, онда лауреаттар мен жеңімпаздарға «Халық биі», «Халық әндері», «Халық аспаптары» аталымдары бойынша марапатталды. Аталған іс-шара қоғамдық келісімді, достық пен бірлікті ілгерілету ісінде шығармашылық алмасудың маңыздылығын атап өтіп, мәдени диалог пен этносаралық өзара іс-қимылды нығайтудың жарқын үлгісі ретінде ұйымдастырылып отыр.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?