23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Пасха мерекесі қарсаңында елорданың Достық үйінде Пасха жұмыртқаларын бояу және Пасха бәліштеріне қамыр жасау бойынша ерекше шеберлік сабағы өтті. Оған ерекше қажеттіліктері бар балалар мен түрлі этнос өкілдері қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараны Астана қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар Кеңесі ұйымдастырды.
Балалар щетка, қарындаш, аппликациялар және басқа да сәндік материалдарды пайдаланып, Пасха жұмыртқаларын бояуды үйренді. Олар сондай-ақ Пасха бәліштеріне қамыр дайындауға қатысып, ерекше рецептерді үйренді. Мастер-класстың көркін түрлі тәттілер арттыра түсті. Олардың арасында мейіз қосылған Пасха бәліштері, сүзбе пасха торты және боялған жұмыртқалар бар.
Бұл керемет! Мен барша қазақстандықты Пасха мерекесімен құттықтаймын және оларға бақыт, жақсылық және биік шыңдарды бағындыруды тілеймін!, – деп өз әсерімен бөлісті мастер-класс қатысушыларының бірі Кирилл Чернов.
Іс-шара Достық үйінде өткен мерекелік кездесулердің жалғасы болды. Жақында мұнда Наурыз мерекесі тойланса, енді түрлі мәдениет өкілдері бір дастарханның басында тағы да бас қосты – бұл жолы Пасха мерекесіне орай.
Біз Қазақстанда бар барлық мерекелерді тойлаймыз. Мақсат – барлық этносты бір шаңырақ астына біріктіру. Бүгін бізге ерекше балалар келіп отыр, олардың эмоцияларына қарағанда бұл іс-шара оларға өте ұнады, - дейді Достық үйі директорының орынбасары Камета Ибраева.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматта Пасха шеберлік сабағы алғаш рет өтті. Ол Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралардың бір бөлігі болды. Жоспарда этносаралық бірлікті нығайтуға және толеранттылық мәдениетін дамытуға бағытталған жаңа кездесулер мен шығармашылық шараларды өткізу бар.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік