Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «BIRLIK» ансамблі Парижде өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандағы алғашқы көпұлтты «BIRLIK» би ансамблі Париж көрермендерін еліміздің бай мәдени мұрасымен таныстырды. Концерттік бағдарламада қазақ би өнерінің ең үздік туындылары орындалды. Солардың ішінде Нұрғиса Тілендиевтің аңызға айналған күйіне қойылған әйгілі «Аққу» биі де бар.
Ансамбль сонымен қатар өзбек, тәжік, корей, түрікмен, татар және үнді халықтарының билерін орындап, әр ұлттың өзіне тән әсем қимыл-қозғалысын, бояуы қанық ұлттық нақышын паш етті.
Бұл концерт бауырлас халықтар мәдениетінің бір арнада тоғысқанын көрсеткен өнер мерекесіне айналды.
Сонымен бірге халықаралық байқаулардың лауреаты, «BIRLIK» ансамблінің көркемдік жетекшісі Анель Марабаева мен әйгілі қобызшы, этно-джаз бағытындағы «The Magic of Nomads» тобының жетекшісі Ғазиза Ғабдрахимова шеберлік сабақ өткізді.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік