10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтау қаласының Әскери-теңіз базасының порты мен әскери әуеайлағында Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Тәжікстан әскери қызметшілерін салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, батыс өңірде 8-17 шілде аралығында «Бірлестік-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Әскери жаттығу «Оймаша» полигонында және маңызды эпизодтарының бірі көрсетілетін Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жерде өтеді.
Қатысушы елдердің әскери контингенттері әскери-көлік ұшақтарының бортымен жеткізілді. Жаттығуға қатысу үшін Әзербайжан елі күзетші және орта десанттық корабльдерін, ал Өзбекстан армия авиациясының тікұшақтарын жіберді, - делінген мәліметте.
Бұдан бөлек әскери полигонда және Қарақия ауданындағы Тоқмақ мүйісінде әскерлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және орнықтыру үшін шатырлы лагерьлер дайындалды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді