Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Заң жобасын Парламент депутаттары Мемлекет басшысының сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын қамтамасыз ету және судьялардың кәсіби деңгейін арттыру қажеттігі жөніндегі тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленді. Оның мақсаты – сот жүйесін одан әрі дамыту.
Атап айтқанда, сот жюриімен сот ісін қарау кезінде заңдылықтың өрескел бұзылуының әрбір фактісі бойынша судьяға қатысты тәртіптік іс материалдарын тексерудің жаңа тетігі енгізіледі, бұл судьялар тарапынан заң бұзушылықтарды болдырмауға оң әсерін тигізетін болады.
Түзетулер аясында Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі өзгереді. Сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету бойынша құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері күшейтіледі.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік