Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСарапшы Асхат Қасенғали Ресейдегі терактқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлемнің назары Мәскеуде. Кешегі лаңкестікте қаза тапқандар саны 143 адамға жетті дейді ақпарат көздері. Ресейдегі лаңкестікті әлемнің барлық елдері мен құрылымдары айыптауда. БҰҰ, НАТО, АҚШ, Еуропа елдері және басқа. Қазақстан да қатаң айыптайтынын айтты. Ол түсінікті де. Ешкім лаңкестікті жақтамасы анық. Бүгін осы лаңкестік оқиғасынан кейін бізде де Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткен. Оған президент қатысып, терроризммен күресу шаралары, оның алдын-алу әрекеттері мен халықаралық ұйымдармен әріптестікті арттыру талқы болыпты, - дейді Асхат Қасенғали.
Ол осы қателіктен сабақ алу маңызды екенін атап өткен.
Біреудің қателігінен сабақ алу маңызды. Ресейдегі кешегі оқиғада қаза табушылардың көп болуы бірнеше қателікке байланысты дейді сарапшылар. Күзетшілерде қару болмаған, ал ғимаратта өрт қауіпсіздік шарасы сақталмаған (түтінде тұншығып көз жұмғандар көп), эвакуациялық есіктер жабық тұрыпты және басқа дегендей. Біреудің қателігінен сабақ алу керек, - дейді сарапшы.
Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен соң 24 наурызды жалпыұлттық Аза тұту күні деп жариялады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары