Кеше, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Алматыда бір жыл бойы жол қозғалысы ережелерін бұзбаған жүргізушілер марапатталды. Sergek ITS жүйесінің деректеріне сәйкес, соңғы бір жылда қала жолдарымен жүрген жүргізушілердің 55,6 пайызы бірде-бір құқық бұзушылық жасамаған. Ауқымды зерттеу нәтижесінде 1,7 миллионнан астам тәртіпті жүргізуші анықталып, олардың арасындағы үздіктерге арнайы сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеу ерекшелігі – жүргізушілердің тәртібі тек Алматы аумағында ғана емес, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі құқық бұзушылықтары бойынша бағаланған. Яғни жүргізуші Алматыда тәртіп сақтап, басқа қалада ереже бұзған жағдайда үздік жүргізушілер қатарына енгізілмеген.
Талдау 2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 1 маусым аралығын қамтыды. Осы кезеңде Алматы көшелерінде қозғалған 3 миллионнан астам бірегей көлік құралы зерттелген. Нәтижесінде еліміздің түрлі өңірлерінен келген және шетелдік транзиттік көліктерді қоса есептегенде, 1,7 миллионнан астам жүргізушінің бір жыл бойы жол қозғалысы ережесін бұзбағаны анықталды.
Үздік жүргізушілер қалай марапатталды?
Акция аясында жол ережелерін мінсіз сақтап қана қоймай, ең ұзақ қашықтықты жүріп өткен жүргізушілер арнайы марапатталды. Оларға бір жылдық КАСКО сақтандыру полисі табысталды.
Марапат иегерлерінің бірі Евгений Мамроцкий бір жыл ішінде жол ережесін бұзбай, 28 мың шақырымнан астам жол жүрген. Оның айтуынша, жүргізушілер ережені сыйлық үшін емес, ең алдымен жолдағы барлық адамның қауіпсіздігі үшін сақтауы керек.
Қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастыру
Sergek Group бас директоры Евгений Кимнің пікірінше, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек бақылау мен айыппұлдарға ғана емес, жауапты жүргізушілерді қолдауға да байланысты.
Көптеген елдерде тәртіпті жүргізушілерді ынталандыру тәжірибесі бұрыннан қалыптасқан, – дейді Евгений Ким.
Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мегаполистегі көлік қозғалысының өте қарқынды екенін атап өтті. Ресми мәлімет бойынша, қалада шамамен 750 мың автокөлік тіркелген. Бұған қоса, күн сайын Алматы жолдарына басқа өңірлерден тағы 350-400 мыңға дейін көлік шығады.
Осындай жағдайда заңға бағынатын жүргізушілерді ынталандыру жолдағы тәртіпті арттыруға ықпал етеді.
КАСКО неліктен марапат ретінде таңдалды?
Сақтандыру мамандары марапат ретінде КАСКО полисінің таңдалуы кездейсоқ емес екенін айтады. Бұл сақтандыру түрі жол-көлік оқиғаларынан бөлек, табиғи құбылыстардан, мұздың құлауынан немесе белгісіз тұлғалардың көлікке келтірген залалынан қорғайды.
Жауапты жүргізушілерді ынталандыру бағдарламалары әлемнің көптеген елдерінде қолданылады. Мұндай тәсіл жол қауіпсіздігін тек жазалау шаралары арқылы емес, жүргізушілердің оң мінез-құлқын қолдау арқылы арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанда бұл бастама Ішкі істер министрлігі, Sergek Group және Freedom Insurance компаниясының қатысуымен екінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді.
Айта кету керек, Алматыда қозғалған әр екі жүргізушінің бірінен астамы бір жыл ішінде жол қозғалысы ережесін мүлде бұзбаған. Сарапшылар мұны елімізде қауіпсіз жүргізу мәдениетінің біртіндеп қалыптасып келе жатқанының белгісі деп бағалайды.
Кеше, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр