Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы жолақыға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімнің сөзінше, елордадағы жолақысының құны соңғы рет 2014 жылы өскен.
Осыдан 10 жыл бұрын қаладағы жолақысы 90 теңге тарифпен бекітілді. Өздеріңіз білетіндей, жыл сайын бензиннің, дизельдің бағасы өсіп тұрды. Жүргізушілердің жалақысы қазір 500 мың теңгеге жетті. Олардың жалақысы 10 жыл бұрын одан 2-3 есе төмен болған шығар. Нақты алғанда, бір жолаушыны тасымалдау үшін автопарктер 300 теңгеден бастап 500 теңгеге дейін ақша жұмсайды. Бірақ та біз ол қаржыны бюджеттен субсидия ретінде беріп отырмыз. Негізгі билеттің құны осындай болу керек. бірақ біз бағаны тұрақты ұстау үшін қымбатшылыққа жол бермей отырмыз, - деді Жеңіс Қасымбек.
Астана қаласының әкімі қаладағы жолақы құны автопарктердің шығынын ақтамайтынын атап өтті.
Айта кетейік, Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 90 теңгеден 110 теңгеге дейін арттыру ұсынылды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары