Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады16 сәуірге қараған түні коммуналдық қызметтер қаладан 24 мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қалың жауған қарға байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
16 сәуір күні таңертең елордада қар күреу жұмысына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қарқыны жоғары көшелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар қардан тазартылады.
16 сәуірге қараған түні қаладан полигондарға 24 мың текше метрден астам қар немесе 2 134 ауыр жүк көлігіне тең қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер қаладан 315 мыңға жуық жүк көлігін шығарды, бұл шамамен 4 млн текше метр. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, кешкі және түнгі уақыттарда күшейтілген тәртіпте жүріп жатыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары