13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстанда тойға танымал әнші шақырудың құны қанша? Соңғы уақытта өнер адамдарының гонорары да жиі талқыланып жүр. Әлеуметтік желіде «Жігіттер» квартетінің әншісі әріптестерінің бір концертке 5 миллион теңге сұрайтынын айтып, өзінің 500 мың теңге гонорарды да қысылып сұрайтынын жазды. «Әркімнің өз бағасы бар ғой» деген өнер иесінің жазбасы көпшіліктің назарын аударды. Осыған байланысты El.kz тілшісі бірқатар қазақстандық әншілердің жеке шараларға шығу құнын анықтап көрді.
Ең қолжетімді гонорар – 500 мың теңге
Біз хабарласқан орындаушылардың ішінде әзірге ең төменгі гонорар Бағлан Әбдіраймовта болып тұр. Оның бір шараға шығу құны – 500 мың теңге.
Одан кейін Мөлдір Мұқанова келеді. Әнші Астанада өтетін тойға 800 мың теңгеге өнер көрсететінін айтты.
Ал Маржан Арапбаеваның Астанадағы жеке шараға шығу құны – 1 миллион теңге.
ACE – 2 миллион теңге
91 тобының әншісі ACE жеке шараларға 2 миллион теңгеге шығады. Бұл сомаға тұрмыстық және техникалық райдер қосылады.
Менеджері жіберген прайс бойынша, күнді брондау үшін гонорардың 50 пайызы алдын ала төленеді. Қалған 50 пайызы шараға бір апта қалғанда берілуі керек. Орындаушының трек-листінде бес ән бар.
Сапар кезінде орындаушыға қойылатын талаптар да бар. Екі адамға Air Astana әуе компаниясының бір бизнес және бір эконом-класс билеті қарастырылған. Билеттер қайтарымды болуы тиіс.
Сондай-ақ екі адамға әуежайдағы CIP/VIP қызметі, Sheraton немесе Hilton Astana қонақ үйінен екі бөлме және тәулігіне 100 мың теңге көлемінде шығын қарастырылған.
Қала ішінде жүріп-тұру үшін Mercedes V-Class, Mercedes S-Class Maybach немесе Lexus LX 600 секілді көліктер талап етіледі.
Жанболат пен Жазираның гонорары – 2-4 миллион теңге
Белгілі дуэт Жанболат пен Жазираның да гонорары өзгерген.
Былтыр олардың орташа гонорары шамамен 2,5 миллион теңге болған. Биыл Алматыдағы шараларға 2 миллион теңге, ал басқа қалаларға 4 миллион теңге сұрайды. Бұл бағаға жол және қонақ үй шығындары кіреді. Дуэт жеке шараларда әдетте 4-5 ән орындайды.
ALEM – 5 миллион теңге
91 тобының тағы бір мүшесі ALEM-нің жеке шараларға шығу құны – 5 миллион теңге.
Менеджер ұсынған прайс бойынша, бұл сомаға тұрмыстық және техникалық райдер бөлек қосылады. Дата брондау үшін гонорардың 50 пайызы алдын ала төленеді, қалған бөлігі шараға бір апта қалғанда беріледі.
ALEM-нің трек-листінде 6 ән кіреді. Екі адамға Air Astana-дан екі бизнес-класс билеті, әуежайдағы CIP/VIP қызметі және Sheraton немесе Hilton Astana қонақүйінен люкс пен жартылай люкс нөмірлері қарастырылған.
Сондай-ақ екі адамға тәулігіне 100 мың теңге көлемінде шығын және бизнес-класс деңгейіндегі көлік талап етіледі.
Мирас Жүгінісов – 5 миллион теңге
Әнші Мирас Жүгінісовтың жеке шарадағы гонорары да 5 миллион теңге. Бұл сомаға райдер қосылады.
Қымбат гонорарлардың бірі Қайрат Нұртастікі
Біз хабарласқан орындаушылар арасында ең жоғары гонорарлардың бірі Қайрат Нұртаста болып шықты. Оның жеке шараға шығу құны – 7 миллион теңге.
Бұл ақшаға орындаушы 6 ән айтады. Гонорардың ішіне ұшып келу және тұру шығындары кіреді.
Ең қымбаты – 11 миллион теңге
Райым мен Еркенің бірге ән айту құны да аз емес. Танымал жұптың жеке шараға шығу гонорары – 11 миллион теңге. Бұл сомаға райдер кірмейді, яғни орындаушылардың жолы, тұруы, көлігі және басқа да қосымша талаптары бөлек есептеледі.
Осылайша, біз анықтаған бағалар бойынша, қазақстандық танымал әншілердің жеке шараларға шығу құны 500 мың теңгеден 11 миллион теңгеге дейін жетеді.
Бұл ретте гонорардың өзі соңғы сома болмауы мүмкін. Әсіресе басқа қалаға шығатын орындаушылардың бағасына әуе билеті, қонақ үй, трансфер, тәуліктік шығын және техникалық райдер секілді қосымша талаптар әсер етеді. Яғни жұлдызды тойдың бюджеті әншінің гонорарымен ғана шектелмейді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды