Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлордалық дәрігерлер бір сағатта жүрегі үш рет тоқтаған жүкті әйелді клиникалық өлімнен құтқарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, №2 қалалық көпбейінді ауруханаға жағдайы өте ауыр жүкті науқас жедел жәрдем қызметімен жеткізілді. 30 жастағы Анастасия жүктілік кезіндегі ауыр созылмалы аурудың салдарынан жүректің үш рет тоқтауынан кейін шок күйінде жеткізілді.
Дәрігерлер реанимация бөлімшесінде ӨЖЖ аппаратына қосылған науқастың өмірі үшін 3 апта бойы күресті. Ауруханаға түскен күннен бастап бір апта өткен соң Анастасия есін жиып, оңалтудан кейін гинекология бөлімшесіне ауыстырылды. 1 ай бойы барлық медициналық қызметкерлердің қажырлы еңбегі арқасынла науқас тыныс алуды, тамақтануды, жүруді және сөйлеуді қайта үйренді, - делінген мәліметте.
Гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Оразалы Абдраманов бүгінгі күні науқас өзін жақсы сезінетінін және ауруханадан шығуға дайындалып жатқанын атап өтті.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары