29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚытайлық электромобильдер мен гибридтердің бағасы алдағы уақытта қымбаттауы мүмкін.
Бұған әлемдік нарықта никель құнының күрт өсуі себеп болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгеріс ең алдымен жүріс қоры ұзақ әрі қуатты аккумулятормен жабдықталған көліктерге әсер етуі ықтимал.
Мәселе автокөлік өндірушілерінде немесе сұраныстың артуында емес. Бағаның өсуіне шикізат нарығындағы жағдай түрткі болды. Әлемдегі никельдің ірі жеткізушілерінің бірі саналатын Индонезия бұл металды өндіру мен экспорттау шарттарын қайта қарап, бірқатар шектеу енгізген.
Никель қазіргі таңда көптеген гибрид пен электромобильдің аккумуляторларын өндіруде қолданылатын негізгі компоненттердің бірі саналады. Әсіресе құрамында никель, марганец және кобальт бар NMC типіндегі батареялар үшін бұл металл аса маңызды. Мұндай аккумуляторлар ұзақ қашықтыққа жүретін әрі жоғары өнімділікке ие көліктерде кеңінен пайдаланылады.
Салалық дереккөздер мәліметінше, өткен жылдың соңында Индонезия никель кенін өндіруге берілетін квотаны шамамен үштен бірге қысқартқан. Осыдан кейін әлемдік нарықта никель бағасы күрт өсе бастады.
Бұдан бөлек, ел билігі шикізаттың баға белгілеу жүйесін өзгертіп, қазір экспорттық баж салығы мен өндірушілердің артық табысына салынатын қосымша салықты енгізу мәселесін қарастырып жатыр.
Мамандар пікірінше, бұл автокөлік өнеркәсібі үшін жағымды жаңалық емес.
Шикізат қымбаттаған жағдайда өндірушілер қосымша шығынды не өз мойнына алады, не оны тұтынушыға жүктейді. Ең үлкен қысым қымбат сегменттегі қытайлық модельдерге, әсіресе көлемді батареямен жабдықталған гибридтер мен электромобильдерге түсуі мүмкін. Қауіп аймағында Li Auto, Nio және XPeng секілді брендтер бар, – деп жазады Autohome басылымы.
Сондықтан бүгінде қолжетімді болып тұрған қытайлық электромобильдердің бағасы алдағы уақытта өзгеруі мүмкін.
Алайда сарапшылар мәселені шешудің өзге жолы да бар екенін айтады. Егер никель бағасы әрі қарай өсе берсе, автокомпаниялар құрамында бұл металл қолданылмайтын аккумуляторларға көбірек көшуі ықтимал.
Никельдің қымбаттауы өндірушілерді балама технологияларды жедел енгізуге итермелеуі мүмкін. Соның ішінде LFP аккумуляторларының үлесі артады. Бұл батареяларда никель пайдаланылмайды әрі олардың өндірісі әлдеқайда арзанға түседі. Сондықтан қазірдің өзінде олар жаппай шығарылатын көптеген модельдерде қолданылып келеді, – дейді автоөнеркәсіп сарапшылары.
Осылайша, мәселе тек электромобильдердің қымбаттауында емес. Негізгі сұрақ – никель бағасының өсуі ең алдымен қай модельдерге әсер ететіні және өндірушілердің жаңа жағдайға қалай бейімделетіні болмақ.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек