23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбе облыстық полиция департаменті жол ережесін жиі бұзатын жүргізушіні анықтау, ұстау сәтін видеоға түсіріп, таратты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қарғалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері такси жүргізушісін жол бойында тоқтатқан. Ақтөбе мен Ресейдің Орск қаласы арасында жолаушы тасымалдайтын такси қызметкерінің көлігі тұраққа қойылды.
Соңғы 11 ай ішінде жол ережесін 250 рет бұзған, тіпті одан да асады. Жинақталған айыппұлдардың жалпы сомасы - 7,7 миллион теңгеден жоғары. Ең өкініштісі - жүргізуші бір күн ішінде 12 рет жол ережесін бұзған. Негізгі құқық бұзушылық – жылдамдықты шамадан тыс асыру. Бұл өз кезегінде жолаушылардың өміріне тікелей қауіп төндіріп отыр. Себебі шетелдік азаматтың Ақтөбе – Орск бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдап жүргені анықталды. Қазір құқық бұзушының автокөлігі арнайы тұраққа қойылды. Көлігін тек барлық айыппұлды толық өтегеннен кейін ғана қайтара алады, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады