13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҰлттық академиялық кітапханада «Бір ел - бір кітап» акциясы қорытындыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл республикалық акцияның басты тақырыбы ретінде мемлекет қайраткері, ғалым, ақын, публицист, ағартушы және реформатор Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми және әдеби шығармашылығы жарияланған. Осылайша, келесі бағыттар бойынша зерттеу жүрді:
1. «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»
2.«Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»
3.«Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері мен сөз тіркестері»
4. «Қазіргі ғылымдағы Байтұрсынтану».
Ал, 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді.
Сонымен қатар, балаларға арналған бөлім ашу қарастырылып отыр. Себебі, балалар әдебиетін де оқу маңызға ие.
Шара соңында Көкшетау облыстық «El-jastar» театры Алаш зиялылары мен Ахмет Байтұрсынұлының қасіретті тағдырын көрсететін көріністі сахналады.
Айта кетейік, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы базасында өткізіліп келеді. Міндеті – қазақ әдебиетін дәріптеу, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды