23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӘйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасы D тобына түсіп, Аустралия және Колумбия командаларымен бақ сынайтын болды. Матчтар осы жылдың сәуір айында өтеді.
2025 жылы Билли Джин Кинг Кубогының форматы өзгерді: турнир 12 команда қатысатын финалдық кезеңнен сегіз командаға ауысты. Іріктеу топтарында жеңіске жеткен алты командаға Қытай (турнир өткізілетін ел) және 2024 жылғы әлем чемпиондары Италия қосылады.
Әр топта 2-3 орын алған командалар аймақтық топтық турнирлерден үздік шыққан құрамалармен бірге плей-офф кезеңінде бақ сынайды. Ал 2026 жылдан бастап іріктеу және плей-офф кезеңдерінде «үйдегі/қонақтағы» ойындар форматы қайта енгізіледі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады