6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТеннистен Қазақстан құрамасы командалық әлем чемпионатының «D» тобының іріктеу кезеңінде Аустралиядан мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының іріктеу турнирінде алғаш болып кортқа Юлия Путинцева мен Майя Джойнт шықты. Қазақстандық теннисші әлемнің 23-ракеткасы болса, 18 жастағы қарсыласы 78-сатыда еді. Путинцева Джойнтты 6:2, 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Ал Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) Кимберли Биреллді (WTA рейтингінде 61-орын) 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы «D» тобында көш бастады. Күннің үшінші матчында Анна Данилина мен Жібек Құламбаева жұбы Сторм Хантер мен Эллен Переске қарсы ойнайды.
Билли Джин Кинг Кубогының финалдық кезеңіне сегіз құрама қатысады, қазіргі чемпион — Италия.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі