20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекMicrosoft негізін қалаушы Билл Гейтс технологиялық өзгерістерге қарамастан сұранысқа ие болып қалатын 3 саланы атады. Бұл жайлы LADbible жазды, деп хабарлайды El.kz.
Гейтс болжаған «болашақ мамандықтар»
Жасанды интеллект бизнес-процестерге белсенді түрде енгізіліп жатқанына қарамастан, 70 жастағы сарапшы кейбір салаларда технологиялар әлі толық алмастыра алмайтын ерекше дағдылар қажет екенін айтады.
1. Бағдарламашылар мен жүйе әзірлеушілер
Жасанды интеллект код жаза алатын деңгейге жеткенімен, күрделі бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау үшін әлі де дәлдігі жеткіліксіз.
Гейтстің пікірінше, бағдарламашылар жасанды интеллект жүйелерін дамыту, бақылау және қателерін түзету үшін қажет болады. Кодерлердің маңызы арта түседі, себебі автоматтандыру құралдарын дәл солар басқарады.
2. Ғалымдар мен биологтар
Медицина мен ғылыми зерттеулер саласы шығармашылық ойлау мен сыни талдауды қажет ететіндіктен қауіпсіз болып қала береді.
Жасанды интеллект үлкен деректерді талдап, ауруларды анықтай алады. Алайда ол жаңа гипотезалар ұсыну немесе тың ғылыми тұжырымдар жасауға қабілетсіз. Бұл салада технология тек көмекші рөл атқарады.
3. Энергетика саласының мамандары
Мұнай өндірісінен бастап жаңартылатын энергия көздеріне дейінгі инфрақұрылымды басқару өте күрделі. Сондықтан бұл салада толық автоматтандыру мүмкін емес. Стратегиялық шешім қабылдау мен дағдарыс жағдайларын басқаруда адам факторы аса маңызды.
Болашағы мен қауіп-қатері
Билл Гейтс қазіргі технологиялық толқынды индустриялық революциямен және интернеттің пайда болуымен салыстырды.
Сонымен қатар, ол бұл болжамдардың түпкілікті емес екенін атап өтті.
Оның айтуынша, жасанды интеллекттің еңбек нарығына әсері әлі белгісіз бағытта дамуы мүмкін. Сондай-ақ, технологияларды енгізудің нақты салдары күтілгеннен өзгеше болуы ықтимал.
Қазіргі таңда компаниялардың көпшілігі жасанды интеллектті адам еңбегін толық алмастырушы емес, оны толықтыратын құрал ретінде қарастырады. Ал кейбір қызметкерлер автоматтандыруды өз мансабына қауіп ретінде қабылдап отыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?