Кеше, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерҚазақстанда кейінгі жылдары жастардың сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қолдау тетіктері кеңейіп келеді. Білім беру гранттарының саны артып, студенттердің шәкіртақысы бірнеше рет өсті. Сонымен қатар жаңа жинақтау жүйелері мен әлеуметтік осал топтарға арналған арнайы бағдарламалар іске қосылды. Осы өзгерістер жастардың білім алу мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, қаржылық жүктемені де азайтуға бағытталған.
Грант саны көбейді
2025-2026 оқу жылында жоғары білім алуға арналған мемлекеттік гранттардың саны рекордтық деңгейге жетті. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бакалавриат деңгейіне 77 мыңнан астам грант бөлінген. Жалпы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 93 мыңнан астам грант қарастырылды.
Гранттардың басым бөлігі еңбек нарығында сұраныс жоғары салаларға бағытталды. Атап айтқанда, инженерия, құрылыс, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, педагогика және жаратылыстану ғылымдары бойынша бөлінген гранттар саны айтарлықтай көп болды.
Сонымен бірге, «Серпін» бағдарламасы, әскери қызметін өтеген жастарға арналған гранттар және шетелдік университет филиалдарында білім алуға арналған мемлекеттік тапсырыс бар.
Шәкіртақы мөлшері өсті
Студенттерді қолдаудың маңызды бағыттарының бірі – шәкіртақыны кезең-кезеңімен арттыру. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттерінің негізгі шәкіртақысы 52 372 теңгеге дейін өсті. Педагогикалық және медициналық мамандықтарда оқитын студенттер шамамен 84 мың теңге алады. Магистранттардың шәкіртақысы 117 098 теңгеге, докторанттардың төлемі 262 500 теңгеге дейін ұлғайды.
Мемлекет ерекше қажеттілігі бар студенттерге қосымша үстемақылар да қарастырған. Көру немесе есту қабілеті бұзылған жастар, жетім балалар және басқа да әлеуметтік санаттағы білім алушылар жоғары мөлшердегі төлем алуға мүмкіндік алады.
«Келешек» жүйесі іске қосылды
Биыл білім беру саласындағы маңызды жаңалықтардың бірі – «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің енгізілуі болды. Жоба аясында балалардың болашақ біліміне қаражат жинауға мүмкіндік беріледі. Жинақтарға мемлекеттік сыйақы қосылады, сондай-ақ бұл қаражатты «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасынан түсетін қаражатпен біріктіруге болады.
Мамандардың пікірінше, мұндай тәсіл ата-аналардың жоғары білімге алдын ала қаржы жинауына мүмкіндік беріп, болашақта оқу ақысының ауыртпалығын азайтады.
Сараланған гранттар тәжірибесі жалғасады
Қазақстанда толық грантпен қатар сараланған гранттар жүйесі де енгізілді. Бұл тетік бойынша мемлекет оқу құнының белгілі бір бөлігін өтейді, ал қалған соманы студент өз қалтасынан немесе жеңілдетілген білім беру несиесі арқылы жаба алады. 2025 жылы осындай 300 грант бөлінді.
Әлеуметтік осал топтарға ерекше қолдау
Мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, әлеуметтік осал санаттағы жастарға арналған қосымша мүмкіндіктер де бар. Мәселен, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2025-2026 оқу жылына 500 білім грантын бөлді. Бағдарлама аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар жастарға арналған. Грант оқу ақысын толық өтеп қана қоймай, ай сайын 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы төлеуді көздейді.
Кеше, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?