30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБілім гранты иегерлерінің тізімі дәстүр бойынша әр жылдың тамыз айында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттерінде жарияланады. 2014 жылғы тізім 9 тамыз күні жарық көрген болатын.
2014 жылы бар-жоғы 34 165 білім гранты бөлінсе, оның 2 530 – ЖОО-лардың даярлау бөлімшелерінде білім алу үшін, 31 635 – І курсқа қабылдану үшін (күндізгі оқу – 31 135, сырттай оқу – 500 грант) бағытталды. Техникалық ғылымдар мен технологиялар саласына 12 600 орын қарастырылса, педагогикалық мамандықтарға 5 864 орын, ауылшаруашылық және ветеринарлық ғылымдарға 2 670 орын бөлінген.
Білім грантын үйлестіру бойынша конкурсқа 69 624 талапкер қатысса, оның ішінде «Алтын белгі» иегерлері – 1 732, Назарбаев зияткерлік мектебінің бітірушілері – 322, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары – 179, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жарыс жеңімпаздары – 921, республикалық және халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары – 891.
Грант иегерлерінің электронды нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар. қажетті ақпаратты табу үші Ctrl + F батырма комбинациясын пайдаланып, іздеп отырған адамның аты-жөнін немесе мамандықты жазсаңыз болады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды