Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали мен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев орта білім беруді қаржыландыру кезінде жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге келісті. Мұндай шешім Антикор мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен отырысында қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бірлескен талдаудың басталуына білім беру саласындағы түрлі сыбайлас жемқорлық қылмыстар себеп. Жалпы аталған қылмыс республиканың барлық өңірлерінде орын алған. Алайда, ең көп Шымкент қаласына, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарына тиесілі.
Зерттеу барысында қаражатты ұрлау бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру сатысында жүретіні анықталды. Бұл ретте мектептердің, білім бөлімдерінің жауапты қызметкерлері және басқа да адамдар сөз байласады. Қаржыландыруды алғаннан кейін қаражат қалалық, аудандық білім бөлімдеріне бөлінеді, ал үнемделген сома еңбекақы төлеу қорына аударылады.
Тергеудің нұсқасы бойынша мұндай тәжірибе Талдықорған қаласының білім бөлімінің бас бухгалтеріне "өлі жандарға", үлестес тұлғаларға есептеу арқылы 2 млрд теңгеге жуық ақша ұрлауға мүмкіндік берді. Тінту барысында күдіктіден 1 млрд теңге сомасында ақшалай қаражат табылды және тәркіленді, оның едәуір бөлігі шетел валютасында болды.
Мұндай құқық бұзушылықтар бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру тетіктерінің жетілмегендігі, білім беру қызметкерлерін орталықтандырылған есепке алудың болмауы және осы процестерді цифрландырудың жеткіліксіздігі нәтижесінде мүмкін болды, - деді Асхат Жұмағали.
Кеңес қорытындысы бойынша білім беру саласындағы ағымдағы жағдайды өзгерту бойынша кешенді шаралар белгіленді.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады