Бүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіБүгін Достық үйінің алаңында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына, авторлық құқық және халықаралық кітап күніне орай, «Білім көкжиегі» атты жасөспірімдерге және кітап апталығының ашылуына арналған іс-шара өтті.
Акцияға Назарбаев Зияткерлік мектебінің, №23 орта мектебінің, №102 мектеп-гимназиясының, №101 мектеп-лицейінің, №5 орта мектебінің оқушылары қатысты.
Іс-шараны құттықтау сөзбен ашқан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Руслан Нұрбай кітаптың маңыздылығына тоқталып:
«Ізгіліктің күні де, ізі де кітапта. Ендеше кітапппен ұрпақ бірге болсын, XXI ғасыр кітап ғасырына жалғассын», – деген өзекжарды пікірін білдірді.
Шара барысында кітапхана қорындағы Астана қаласының 20 жылдығына және «Бір ел – бір кітап 2018» республикалық акциясы бойынша таңдап алынған Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптарына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, № 21 мектептің кадеттерінің «Астана-Бәйтерек», «Тәуелсіз Республикам менің» атты әндер орындалып, «Айналдым елім» атты бейнебаян көрсетілді.
Бүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры