Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Білім беру ұйымдардағы балалардың қауіпсіздігі барлық органдардың басты міндеті. Сол себепті бұл мәселе – Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында. Бұрын терроризмге осал объектілер қатарына 200 адамнан тұратын оқу орындары кіретін. 2021 жылы бұл өлшем – 100 оқушыға дейін өзгертілді. Нәтижесінде, мұндай білім беру объектілері 6,5 мыңнан 10 мыңға дейін өсті», – деді Марат Ахметжанов.
Сонымен қатар министр Терроризмге қарсы қорғау жөніндегі нұсқаулық бекітілгенін атап өтті.
«Енді адам саны 300-ге дейінгі мекемелерде бейнебақылау мен жариялау жүйелері болу керек. Ал, 700 адамға дейінгі объектілер бейнекамераларды Жедел басқару орталықтарына қосып, дабыл түймелерін орнатуы тиіс. Адам саны 700-ден асса, бұл ұйымдарда және облыстық орталықтағы мектептерде турникеттер және лицензиясы бар күзетпен жасақталған келісімшарт болуы қажет. Бүгінгі таңда аталған талаптарға сәйкес, әкімдіктер білім беру ұйымдарының тізімін жаңартып жатыр», – деді министр.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді