Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМаңғыстау облысында білім беру мекемелеріндегі 2 мыңнан астам адамның еңбек құқықтары бұзылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұнайлы ауданының прокуратурасы білім беру мекемелерінің 2 мыңнан астам жұмысшылардың, оның ішінде 6 мүмкіндігі шектеулі адамның конституциялық (еңбек) құқықтарын қорғады.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, талдау барысында аталған тұлғалардың еңбек шарттарында еңбек заңнамасының талаптарына қайшы жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы көрсетілмегені анықталды. Мысалы, Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес мүгедектігі бар жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. Бұл талаптарды бұза отырып 6 мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға 8 сағаттық жұмыс кестесі бекітілген.
Осы факті бойынша Маңғыстау облысының еңбек инспекциясына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Қазіргі уақытта барлық заң бұзушылықтар жойылды. Ал аудандық білім бөлімінің басшысы әкімшілік жауапқа тартылды.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары