Билік қолымыздағы байлыққа дұрыс мән бермеуде – Азат Перуашев

16 Наурыз 2023, 21:04 572
Саяси партиялардың теледебатында Айдарбек Қожаназаров «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевқа өз сауалын тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
«Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевқа "Сіздің бағдарламаңызда Еуроодақ қосу туралы бастамаңыз бар. Әсіресе, Еуроодақ елдерінің қарапайым мұғалімінің жалақысы 25 мың еуроның жуығында. Сіз мұғалімнің жалақысын соған көтерту туралы айтқан екенсіз. Осы уәдеңіз неге негізделіп отыр" деп сауалын жолдады.
 
«Бұл өте дұрыс сұрақ. Еуроодаққа қосылу деген маңызды қадам. Еуропалық тәжірибені қалаймыз. Екіншіден, мұғалімдердің жалақысын қалай көтеруге болады. Үкіметке осы әлеуметтік проблемаға қатысты ұсыныс жасағанымызда, оған тиісті қаражат жоқ деді. Бұл өтірік. Еліміз өте бай. Бірақ біздің билік қолымыздағы байлыққа дұрыс мән бермеуде», – деді «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев.
Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: