Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕнді билетcіз адам алған жолсеріктер жұмыстан қуылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта жолсеріктердің жұмысы қызу тексеріліп жатыр. Сондай тексерістердің бірінде Алматы-2 теміржол вокзалында билеттерді заңсыз қайта сатылған оқиға тіркелген. Ал Шымкент станциясында билетсіз жолаушыны тасымалдау фактісі анықталды. «Шымкент – Астана» пойызының жолсеріктері билетсіз адамды белгілі бір сомаға алып жүруге келіскен.
Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша пойыз бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды, ал екінші жолсерік пен Шымкент станциясы учаскесі бастығының орынбасарына қатаң сөгіс берілді. Ішкі тексерулер елдің барлық вокзалдарында өтіп жатыр, – деп жазылған хабарламада.
Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды @jolaushylar_tasymaly (direct) парақшасына немесе +7 776 714 5686 ватсап-нөміріне фото, аудио, бейнематериалдар ұсына отырып, жолаушыларды билетсіз тасымалдау және билеттерді заңсыз қайта сату фактілері туралы хабарлауға шақырады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар