Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыЕлордалықтар алаяқтан концерт билеттерін 50 мың теңгеден сатып алған деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Астана қаласы Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғынын тіркеді.
Тергеу барысында жігіттің Instagram әлеуметтік желісі арқылы әншілердің концерттеріне билет сатамын деп жалған жарнама жариялағаны белгілі болды. Әйгілі әншінің мерекелік кешін көргісі келген қала тұрғыны билет сатып алу үшін 50 мың теңге төлем жасаған. Бірақ, ол концертке келгенде билеттің жалған екендігін анықтаған, ал күдікті байланысқа шықпаған.
Алданғанын түсінген қыз полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың осыған ұқсас айламен елорданың бірнеше тұрғынын алдағанын анықтады.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, алдын ала төлем жасаудан бас тартуды және көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын тексеруді ескертеді.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды