Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?«Жау жоқ деме, жар астында. Бөрі жоқ деме, бөрік астында» – дейді қазақ. Бүгінгідей геосаяси ойындардың қызып тұрған шағында етек-жеңіңді жинамай қаннен қаперсіз отыру ақылға сыйымсыз дүние. Міне, Елбасының да дәстүрлі халыққа жолдауының келер жылдың басында емес, сол жылға дайындық ретінде, биылғы жылдың соңына жақын арнауының себебі де осында.
Қазақстан халықаралық ұйымдардан басқа да бірқатар аймақтық ұйымдарға мүше ел. Тіпті кейбір мүдделі мемлекеттер біздің елді БРИКС-тің қатарынан көргісі келетінін айтып қалды. Бұл нені білдіреді? Ал, аталған ұйымдарда бізбен бірге Ресей мен Қытайдың бар екендігін және осы елдерге Батыстың қырын қарап отырғандығын есте ұстасақ, онда саяси-экономикалық жалынның бізге де лебі тиетінін ұмытпау керек.
«Отбасы – шағын мемлекет, ал мемлекет – үлкен отбасы». Кез келген дені дұрыс отбасы айналасында болып жатқан өзгерістерге зер салып үңіліп, түсініп, алыс-жақын болашаққа жоспар құрады. Алдағы уақытта қалай болады, қандай жұмыстарды бірінші кезекте қолға алуым керек, не нәрседен отбасымды сақтандыруым қажет, қандай қауіптер немесе қиыншылық менің отбасымды күтіп тұр деген сияқты сан сұрақтар отағасын мазалайтыны хақ. Және соған сай әрекет етіп дайындалады.
Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай