Бүгiн, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыБүгінде жаңалық санаулы секунд ішінде миллиондаған адамға жетеді. Алайда ақпараттың жылдам таралуы оның шынайылығына әрдайым кепіл бола бермейді. Белгілі медиаменеджер Бигелді Ғабдуллин қазіргі журналистиканың мәселелері туралы ой бөлісіп, БАҚ-тың қоғамдағы рөліне тоқталды.
Журналистиканың ең күрделі кезеңі
Бигелді Ғабдуллиннің айтуынша, қазіргі журналистика өз тарихындағы ең жауапты әрі күрделі кезеңдердің біріне аяқ басты. Интернет адамзатқа бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер сыйлағанымен, жалған ақпараттың да кең таралуына жол ашты.
Бүгінгі қоғам интернетті абсолютті ақиқат көзі ретінде қабылдай бастады. Алайда цифрлық кеңістікте шынайы ақпарат пен жалған мәлімет қатар өмір сүреді. Сондықтан кәсіби журналистиканың басты міндеті – тек ақпарат тарату емес, оның ақиқаттығын мұқият тексеру. Нағыз журналистика компьютерден емес, журналистің өзінен басталады. Оның білімінен, мәдениетінен, күмәндана білуінен және түпнұсқа деректі іздеуге деген ұмтылысынан басталады, – дейді ол.
Бигелді Ғабдуллинді алаңдататын тағы бір мәселе – жастардың кітап оқу мәдениетінің төмендеуі. Оның сөзінше, қазіргі жас мамандар ақпаратты дайын күйінде қабылдауға бейім. Ал журналистиканың табиғаты – дайын жауапты іздеу емес, жаңа сұрақ қоя білу.
Оның пайымдауынша, кітап оқу адамның сыни ойлау қабілетін қалыптастырады. Ал өздігінен талдау жасай алмайтын адамның кәсіби журналист болуы қиын.
Сондай-ақ ол журналистика факультеттеріндегі білім беру жүйесін заман талабына сай қайта қарау қажеттігін айтады.
Ұлттық журналистиканың классикалық мектебіне қайта бет бұрып, Алаш баспасөзінің интеллектуалдық мұрасын қазіргі цифрлық технологиялармен ұштастырудың маңызын ерекше. Журналистика – жай ғана кәсіп емес. Бұл – ойлау мәдениеті, – дейді ол.
Блогер мен журналистің айырмашылығы неде?
Соңғы жылдары блогерлердің ықпалы артып келеді. Дегенмен Бигелді Ғабдуллин бұл екі ұғымды шатастырмау қажет екенін айтады.
Блогер ең алдымен өзінің жеке пікірін білдіреді. Ал журналист қоғамдық мүддені қорғауға міндетті. Кәсіби журналист әрбір жариялаған материалының дұрыстығына, оның қоғамға әсеріне және оқырман сеніміне жауап береді. Сондықтан журналистикадағы жауапкершілік деңгейі әлдеқайда жоғары, - деп атап өтті ол.
Бигелді Ғабдуллин қазіргі жастардың бір бөлігі журналистиканы қоғамға қызмет ету үшін емес, танымал болудың құралы ретінде қабылдайтынын жасырмайды.
Оның айтуынша, медиадағы атақ уақытша болуы мүмкін, ал кәсіби бедел мен абырой ұзақ жылдық еңбектің нәтижесінде ғана қалыптасады. Нағыз журналистің мақсаты – көпшілікке танылу емес, қоғамға пайдалы ақпарат ұсыну.
Технология қанша өзгергенімен, журналистиканың басты қаруы өзгермейді. Ол – сөз. Егер журналист кәсіби ұстанымынан айнымай, адалдық пен тәуелсіздікті сақтаса, оның сөзі қоғамға ықпал етіп, маңызды шешімдердің қабылдануына әсер ете алады. Цифрлық дәуір журналистиканың маңызын кеміткен жоқ, керісінше кәсіби журналистерге деген сұранысты арттырды. Ақпарат ағыны күшейген сайын оны саралай алатын, деректі тексеретін және қоғамдық мүддені қорғайтын журналистердің рөлі бұрынғыдан да маңызды бола түседі, - деп түсіндірді журналист.
Оның ойынша, журналистиканың болашағы технологияда емес, кәсіби білімі терең, жауапкершілігі жоғары және сыни ойлай алатын мамандардың қолында.
Бүгiн, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?