Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақ жастарының Лондонда домбыра тартқаны әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Видео авторы Англия астанасының көрікті жерлерін таспалап жүріп, домбыра ұстаған 3 жерлесін кездестіргенін айтады. Қысқаша танысудан кейін Бигбен көрінетін жерге отырып, күй орындауын өтінеді. «Ақтауданмын» деген бозбала Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқиссасын» орындап берді.
Ақтаулық бозбаланың өнеріне тәнті жандар видео астында алғыс айтып, пікір жаудырды. Бейнетаспа бір тәулік ішінде 100 мыңға жуық қаралып, 7 мыңнан астам лайк жинаған. «Мына домбырамен Лондонды Қазақстан қылып жіберді ғой» деген пікір – осы бейненің бар болмысын ашып тұрғандай. Ал біреулері «Қазақтың жүрмейтін жері жоқ» деп әзіл-шыны аралас ойын жазыпты
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?