Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБелгілі философ Омар Жәлел халық өзі би етіп сайлағаннан кейін тапқан пайдасы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ұзақ жылдар бойы халыққа Абай мен Шәкәрімнің, Мәшһүр Жүсіптің ойларын жеткізіп жүрген ғалым былтыр алқа би болып сайланған болатын. Алайда жақында ғана ол сюцай ілімі жайлы айтамын деп сынға ұшыраған еді. Тurkystan.kz-ке берген сұхбатында Омар Жәлел би ретінде қаншалықты табыс тапқаны туралы пікір білдірді.
Би дегеннің не ақшасы, не қызметі жоқ. Қоғамдық жұмыс қой. Халықтың тілегі. Билердің негізгі жұмысы халық арасындағы келеңсіздікті сотқа жеткізбей шешу. Менің жұмысым, халықпен етене жұмыс істеп жатқан билердің деңгейін көтеру. Менімен бірге билер де ақырындап өсіп келе жатыр, - деді Омар Жәлел.
Сонымен бірге ол биге ілімнің аса маңызды екенін атаған.
Би іліммен өмір сүреді. Біліммен емес. Мораль бойынша түйе ұрлағанды да, тауық ұрлағанды да 8 жылға заң аясында соттайды. Ал ілім түсінік деңгейінде, ол адамның неге ұрлыққа барғанын тексереді. Жанат Қожамжаров: «ілімнен түсінік, түсініктен кешірім туады. Кешірім адамға өмір сүруге мүмкіндік береді» дейді. Ал біздің қоғамда қазір кешірім жоқ. Бірін-бірі талап жеуге дайын. Себебі түсінік жоқ. Мораль адамды өлтіріп жібереді, - деді би атанған ғалым.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?