28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕнгізілген шектеулер Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға қолданылмайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және темір жол көліктерімен бидай әкелуге тыйым салу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі №337 бұйрығы шеңберінде:
2023 жылғы 11 қазаннан бастап үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен автомобиль көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салу 6 ай мерзімге ұзартылды. Бұл шектеулер Қазақстан аумағы арқылы автомобиль көлігімен бидайды транзиттік тасымалдауға да қолданылады.
Лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің және құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына бидай әкелуді қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен теміржол көлігімен Қазақстан аумағына әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салу белгіленді.
Бұрын айтылғандай, бидайдың кез-келген тұтынушысы оны лицензияланған элеваторлар арқылы теміржолмен импорттай алады.
Енгізілген шектеулер Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға қолданылмайтынын атап өтеміз.
2023 жылғы 10 қазандағы жағдай бойынша "Атамекен" ҰКП астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарының тізбесін өзектендірді.
Лицензияланған элеваторлардың тізімі https://p-grain-receipt.qoldau.kz/ru/gr-info/granaries сайттың деректеріне сәйкес қалыптастырылады. Жаңартылған тізім https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/535693?lang=ru сілтеме бойынша.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?