7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды El.kz
«Егін жинау науқанын табысты өткізудің негізгі мәселесі фермерлерді қаражатпен қамтамасыз ету болып саналады. Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы желісі бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы 140 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда «Кең дала» бағдарламасы аясында 110,0 млрд теңге сомасына 3,7 мыңнан астам өтінім қаржыландырылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында осы жылы Азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырды. Соның арқасында Азық-түлік корпорациясының ресурстарына 1 137,3 мың тонна көлемінде астық жеткізуге келісімшарт жасалды. Ол үшін 80 млрд теңге бөлінді», - деді министр.
Ербол Қарашөкеевтің дерегінше, Азық-түлік корпорациясында 362,8 мың тонна көлемінде резервтік астық қоры бар.
«Аталған астық көлемі қажет болған жағдайда ішкі нарықты тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа жіберілетін болады. Мысалы, осы жылы Азық-түлік корпорациясының ресурстары әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыруды жүзеге асырды. Ұн тарту кәсіпорындарына өңірлердің өтінімдері бойынша жоспарланға көлем 256,8 мың тонна болса, 204,9 мың тонна тиеп, жөнелтілді. Көріп отырғанымыздай, бидай бағасының өсуі әлеуметтік нан бағасына әсер еткен жоқ», - деді министр.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?