Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің үшінші кезеңінде төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың алтыншы кезеңінде Бибісара Асаубаева ресейлік шахматшы Полина Шуваловадан басым түсті. Бұл – қазақстандық спортшының аталған турнирдегі төртінші жеңісі. Осылайша, 4 балл жинаған Бибісара турнир кестесінде бірінші орында келе жатқан Чжу Цзиньэрге де жетті. Қытайлық шахматшы әзірге бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ.
Бибісара Асаубаева бүгін, 1 сәуірде үндістандық тәжірибелі шахматшы Хампи Конерумен кездеседі. Бұрын оның қарсыласы Азия чемпионы атанған еді.
Аталған турнирде Бибісара Асаубаева бір мәрте жеңіліп, ресейлік Александра Горячкинаға есе жіберіп қойды. Ал, Нино Батсиашвили (Грузия), Рамешбабу Вайшали мен Харикой Дроновалли (екеуі де – Үндістан) сынды қарсыластарынан басым түсті.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар