Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыFIDE-нің (Халықаралық шахмат федерациясы) әйелдер арасында шахматты дамытуға бағытталған ауқымды жарысы биыл Грузия астанасы Тбилисиден бастау алады, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдер арасындағы 2024-2025 жылғы Гран-придің барлық кезеңінде Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева сынға түседі. Ал Тбилисидегі бірінші кезеңде отандасымызбен бірге мына шахматшылар жүлдеге таласады:
Анна Музычук, Мария Музычук (Украина), Нана Дзагнидзе (Грузия), Сарасадат Хадемальшарьех (Иран), Александра Костенюк (FIDE), Рамешбабу Вайшали (Үндістан), Алина Кашлинска (Польша), Лела Джавахишвили (Грузия), Ставрула Цолакиду (Грекия).
Жарыс қожайыны ретінде Грузия екі гроссмейстер қоса алады. Турнир айналмалы жүйе бойынша (9 тур) 14-25 тамыз аралығында Biltmore Tbilisi қонақ үйінде өтеді.
Алғашқы 40 жүріске 90 минут беріледі. Ал ойынның қалған бөлігіне 30 минут (алғашқы жүрістен кейін әр жүріске 30 секундтан беріледі) қарастырылады.
Айта кетейік, Гран-приде биылдан бастап жалпы қатысушылар саны 16-дан 20-ға жетті. Сонымен қатар маусымдағы турнир саны төртеуден алтауға артты және Гран-придің жалпы жүлде қоры да көбейді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары