6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Тбилисиде (Грузия) әйелдер арасында өткен ФИДЕ Гран-приінде екінші орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Асаубаева турнирді 5,5 ұпаймен аяқтады – ол екі рет жеңіске жетіп, жеті рет тең ойнады. Бірінші орынды 6 ұпаймен Польша өкілі Алина Кашлинская иеленді – үш жеңіс және жеті тең ойын. Үздік үштікті 5 ұпай алған грекиялық шахматшы Ставрула Цолакиду түйіндеді – бір жеңіс және сегіз тең ойын.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева – блицтен екі дүркін әлем чемпионы. Ол 2021 және 2022 жылдардағы әлем біріншіліктерінде топ жарған. Сонымен қатар, 2021 жылы осы жарыс түрінен жеңіске жеткен ең жас шахматшы атанды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі