Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікҚазақстандық талантты шахматшы Бибісара Асаубаева халықаралық деңгейдегі ірі додада керемет нәтиже көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде ол гроссмейстер атағына қажетті үшінші норманы сәтті орындап, FIDE рейтингінде 2500 баллдан жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Бұл жетістік оны ерлер арасындағы гроссмейстер атағына бір қадам жақындатты. Енді FIDE кеңесінің ресми бекітуі қалды. Сонан соң Бибісара Қазақстан тарихындағы екінші әйел гроссмейстер атанады. Айта кетейік, бұл мәртебеге бұған дейін тек Жансая Әбдумалик ие болған еді.
64 мықты гроссмейстер бас қосқан бұл турнирде Бибісара үздік 30 шахматшының қатарына енді. Сонымен қатар, әйелдер арасында ең жоғары нәтиже көрсетіп, Чжу Цзиньэр мен Дивья Дешмух сынды мықты қарсыластарынан озып шықты.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді