Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыӘлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионатының ең жоғары медалін үшінші рет таға алмады. 19 жастағы қазақстандық ойыншы 17 ойыннан кейін 11 ұпай жинап, турнирді алтыншы орынмен аяқтады, деп хабарлады FIDE баспасөз қызметі.
Тағы бір жерлесіміз Меруерт Камалиденова Самарқанда (11 ұпай) 8-орынға табан тіреп, әлемнің үздік 10 шахматшы қыздарының қатарына енді.
Ал блицтен әйелдер арасындағы жаңа әлем чемпионы ресейлік Валентина Гунина (14 ұпай) атанды, Александра Костенюк (Швейцария, 13,5) күміс, қытайлық Жу Цзиньер (12,5) қола жүлдені иеленді.
Ерлер арасында 16 ұпай жинаған әлемнің ең үздік шахматшысы, норвегиялық Магнус Карлсенге тең келер ешкім болмады. Екінші және үшінші қатарда ресейліктер Даниил Дубов (15,5) мен Владислав Артемьев (15,0) тұр.
Норвегиялық гроссмейстер үшін бұл - Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы екінші алтын медаль. 28 желтоқсанда ол рапид бойынша үздік атанды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар