Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПольшаның Якушице қаласында биатлоннан юниорлар арасындағы IBU кубогінің үшінші кезеңі аясында спринт жарысы өтті. Қазақстандық биатлоншы Милана Генева үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақтан Биатлоншылар одағының мәліметінше, Милана Генева қыздар арасында 10 км спринтте 87 спортшының арасынан мәреге 6-шы болып жетті (+2:00.4; 1).
Алғашқы болып жеңіске аустриялық Анна Андексер (24:05.9;1) жетсе, екінші болып неміс биатлоншысы Алина Нуссбикер (+1:29.0;1), үшінші болып тағы бір неміс спортшысы Юлия Фоглер келді (+1:46.7).
Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсеткен Крюкова Арина мәреге 21-ші, Карабаева Алема 49-шы, Долгополова Ксения 73-ші болып жетті.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?