23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Александр Селезнёв атындағы Алматы хореография училищесінің есептік концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл концерт еліміздің мәдени өміріндегі жарқын оқиғаға айналып, Қазақстандағы жетекші хореографиялық оқу орындарының бірі — училищенің 79-шы түлектерін ұлықтады.
Іс-шара жас әртістердің көпжылдық еңбегінің, табандылығы мен шабыттың, сондай-ақ жоғары кәсіби педагогикалық мектептің нәтижесі болды. Бай мазмұнды бағдарламада Ф. Шопен музыкасына қойылған «Шопениана» балеті, классикалық мұрадан алынған па-де-де мен вариациялар – «Ұйқыдағы ару», «Дон Кихот», «Қарақшы», «Арлекинада», «Баядерка», «Классикалық па-де-де» ұсынылды.
Көрермен назарына ұлттық және халықтық билер ұсынылып, олар мәдени мұрамыздың байлығы мен сан алуандығын бейнеледі. Сонымен қатар, заманауи хореография үлгілері жас ұрпақтың шығармашылық әлеуеті мен заман талабына сай креативті көзқарасын көрсетті.
Көрермендер әр нөмірді ыстық ықыласпен, ұзақ шапалақпен қарсы алып, училище шәкірттерінің жоғары дайындық деңгейі мен оқу орнының кәсіби қауымдастықтағы беделін тағы бір дәлелдеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік