7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Миллиардер Джефф Безос жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы Project Prometheus атты стартапты іске қосты. Жоба қазірдің өзінде 6,2 млрд доллар инвестиция тартқан. Бұл туралы The New York Times-қа сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Prometheus бастапқы кезеңдегі инвестиция көлемі бойынша әлемдегі ең ірі стартаптардың біріне айналды.
Жоба компьютерлерді, автомобильдерді және ғарыш аппараттарын жобалайтын әрі өндіруге арналған жасанды интеллект технологияларын әзірлейді. Безос стартаптың екі бас директорының бірі болды. Бұл – оның 2021 жылы Amazon компаниясының басшылық қызметінен кеткеннен кейінгі алғашқы жетекшілік лауазымы. Екінші бас директор болып Google-дың X зертханасында жұмыс істеген Вик Баджаж тағайындалды.
Джефф Безостың стартапты қашан іске қосқаны әзірге белгісіз. Компанияның қай жерде орналасатыны да нақтыланбаған. Дегенмен Project Prometheus қазірдің өзінде жүзге жуық маман жұмысқа алған. NYT дереккөздерінің айтуынша, олардың арасында OpenAI, DeepMind және Meta сияқты жетекші ЖИ компанияларының зерттеушілері бар.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?