29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБейжіңдегі ауаның ластануы адам денсаулығына қауіп төндіретін деңгейге жетті, деп хабарлайды El.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Атмосферада қатты бөлшектердің орташа концентрациясы Тунчжоу ауданында 2,5-тен асты. Бұл Қытайда қабылданған қауіпсіздік нормасынан тоғыз есеге көп. РМ шкаласы бойынша ірі бөлшектердің концентрациясы куб метріне 500 мкг-ға тең.
Жергілікті билік қала тұрғындарынан аса қажет емес болса, далаға шықпауларын және терезені ашпауларын сұрады.
Бейжіңдегі ауаның ластануы «ауыр» деп бағаланып отыр. Солтүстік Қытайда көктем мезгілінде шаңды боран болып тұрады. Алайда бұл жолы желдің әлсіздігіне қарамастан қатты қауіп төндіруде. Ластану себебі әзірге белгісіз.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек