2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрМаңғыстау облысындағы Бейнеудегі Манашы орта мектебінде мектеп асханасының қызметкерлерінің бірінен стафилококк бактериясы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Lada.kz мәліметінше, Тағы екі қызметкер уақтылы медициналық тексеруден өтпеген. Сонымен қатар, алынған сынамаларда ішек таяқшасы тобына жататын бактериялар табылған.
Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхтар Сербаевтың айтуынша, Бейнеудегі Манашы орта мектебінде оқушылардың жаппай улануынан кейін жүргізілген тексеру нәтижесінде, ас блогының 10 қызметкерінің бірінен стафилококк анықталған. Тағы екі адам міндетті медициналық тексеруден уақтылы өтпегені белгілі болды.
Зертханалық талдаулар алты дайын тағам үлгісінде зиянды бактериялардың барын көрсеткен. Сондай-ақ, қоймалардың мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды – мысалы, көкөністер сақталуы тиіс қоймада дәнді дақылдар болған. Тоғыз сынамада ішек таяқшасы тобына жататын бактериялар табылды. Асханада уақтылы ылғалды тазалау жүргізілмеген, қабырғаларда жарықтар болған – бұл да санитарлық нормаларға қайшы.
Барлық материалдар полицияға берілді, онда сотқа дейінгі тергеу ашу туралы шешім қабылданатын болады. Қазіргі уақытта асхана жабылды, ал балалар сабаққа қатысып жүр, – деді Мұхтар Сербаев.
Еске салсақ, оқушылардың улануы туралы оқиға 1 сәуір күні белгілі болған. Балалар жүрек айнуы, құсу және әлсіздікке шағымданған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада уланудан кейін түнде асхана қызметкерлері ғимаратты жудырып, азық-түлікті сыртқа шығарып жатқан сәттері түсірілген деп көрсетіледі.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова