23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБейнеу ауданының тұрғындары лас су тұтынып отырғанын айтып, таза күйінде қашан берілетінін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
3 күн бойы күткен суымыздың түрі осы. Бейнеу ауданының суы неге лай? Мына су ішуге жарамды деп ойлайсыздар ма? Күнарадан берілсе де, таза су берілсе екен. Суақысын төлеп отырмыз ғой, - дейді аудан тұрғыны.
Ауданды сумен қамтамасыз етіп отырған «Бейнеу су сервис» мекемесі мамандарының сөзінше, жаз айы басталғалы бері халықтың суға сұранысы көбейген.
Сондықтан суды күнара беруге көштік. Халыққа су берер кезде 1 күн бойы құбырда жиналған су ластанып кетіп тұр. Негізгі халыққа беріп отырған суымызды сүзгіден өткізіп, лабараториядан сынамаларын алып, таза күйінде жіберіп отырмыз, - дейді «Бейнеу су сервис» мекемесінің басшысы Айбек Сембіғалиев.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады