6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін Астана қаласындағы «Сарыарқа» велокешенінде қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтіп, жеңімпаздар анықталды.
Финалдық бәсекеде 2012 жылдың жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев пен Руслан Әбдіразақов белдесті.
Ыстыбаев алғашқы минуттардан-ақ кілемнің ортасын иеленіп алды. Алайда оның қарсыласы өзінен біршама ауыр қарсыласына (Руслан - 115 кг, Бейбіт - 145 кг) әдіс қолдануға тырысты. Раундтың ортасында өз белсенділігінің арқасында Бейбіт алға шықты. Қалған екі минутта Ыстыбаев өзінің ұпай бойынша басымдығын ұстап тұрып, өзінің кәсіби карьерасында екінші рет «Қазақстан Барысын» жеңіп алды.
Бұл жылы «Қазақстан Барысы» жеңімпазына 150 мың доллар көлемінде сыйақы, автокөлік, жеңімпаз белбеуі және алтын «Тайтұяқ» берілді.
Үшінші орынды Астана қаласынан қатысты Ғани Сейділдаев иеленді. Қола жүлде үшін өткен белдесуде ол Оңтүстік Қазақстан облысының балуаны Жұманазар Ерсұлтановтан айласын асыра алды.
Атап өтерлік жайт, қазақ балуандарының жарысына шетелдік БАҚ та қызығушылық таныта бастады. Биыл «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің онлайн көрсетілімін ресейлік «Боец» арнасы жүзеге асырды.
Дәурен Омаров
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі