6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӘлемнің 201-ракеткасы 23 жастағы қазақстандық Бейбіт Жұқаев Мехико (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың 5-ракеткасы Жұқаев екінші айналымда рейтингіде 685-сатыда тұрған 18 жастағы мексикалық Родриго Пачеко Мендеспен өзара кім мықтыны анықтады.
Бұл жолы Бейбіт 1 сағат 13 минутқа созылған матчта қарсыласынан 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды. Бейбіт осы уақыт ішінде 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып үлгерді.
Қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін әлемнің 212-ракеткасы канадалық Алексис Галарномен сынға түседі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі