Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыӘлемнің 325-ракеткасы 22 жастағы қазақстандық Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Литтл-Рок қаласында өткен челленджер финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Жұқаев финалда әлемнің 311-ракеткасы эстониялық Марк Лаялмен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партия соңында брейк жасаған эстониялық спортшы басымдық танытты – 6:4.
Екіншісінде есесіне есеп 4:4 болған мезетте Бейбіт брейк жасағанымен, ізінше сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Эстониялық теннисші матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 7:5.
Осылайша, Бейбіт Жұқаев спорттық жолында алғаш рет челленджер турнирінің финалына дейін жетті.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар