Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖеліде соққыға жығылдым деген ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Онда ер адам Талғар қаласының тұрғыны екенін, өзіне белгісіз біреулердің шабуыл жасап, қатты соққыға жыққанын айтады.
Оқиға 28 тамызда болған. Талғар тұрғыны жаңа мотоциклын сынау үшін БСРка аумағына кіргенде, құмға батып, тоқтап қалады. Осы кезде оның қасына белгісіз екі жас жігіт келіп, не істеп жүргенін сұрай бастаған. Жәбірленуші оларға ескерту жасағаннан кейін екеуі ер адамға шабуыл жасап, басынан ұрған.
Олардың біреуі «оны ұйықтату керек», «басынан теп» деп айқайлап тұрды. Біреуі мені тұншықтырып, мен ес-түсімді жоғалта бастадым. Олар мені аяғымнан ұстап, төңкеріп, бетон каналға лақтырып жіберді, – дейді жәбірленуші.
Оның айтуынша, ауруханада өзіне бірнеше қабырғасының сынуы, жабық бас-ми жарақаты, денесінде де көптеген жарақаттар бар деген диагноз қойылған. Ер адам полицияға арыз жазып, шабуыл жасағандар анықталған. Алайда бірнеше күннен кейін жәбірленуші өзінің үстінен іс қозғалғанын білген.
Алматы облыстық полиция департаменті бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазір сараптама тағайындау арқылы барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары