Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстаудағы полигонда оқ тиіп көз жұмған сарбаздың әкесі бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сарбаздың әкесінің сөзінше, қайғылы жағдай лейтинант қарумен ойнап отырғанда болған.
Жалғыз ұлымды әскерге аттандырып едім, енді мынандай қаралы хабар естіп отырмын. Ұлымды бетінен атып өлтірді. Бұл абайсызда болған жағдай емес. Қару атылып кету үшін сақтандырғыштан алу керек. Абайсызда болған оқиға дейді, миға сыймайды. Қазір ол қамауда дейді, – дейді ер адам.
Әкесі істің бұрмаланып кетуінен қорқатынын жеткізді.
Барлығын толыққанды зерттесе деймін. Қазір Ақтау қалалық тергеу комитетіне барамын. Әрі қарай ұлымның мәйітіне сараптама жасалатын орынға баруым керек, – деп қосты ол.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде сарбазға оқ тиіп, қаза тапқан еді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?